Thermal Stability and Fire Resistance of Vinyl Ester Resin Composites: Effect of Various Fillers on Thermal Degradation and Flame Retardancy
Авторлар: Marzhan Akhmetova, Nurgul Zhanturina, Abish Taskaliyev, Amirbek Bekeshev.
Шолуда әртүрлі бейорганикалық және органикалық антипирендермен — алюминий мен магний гидроксидтері, DE@DMMP, аммоний полифосфаты, ісінетін графит және т.б. — толтырылған винилэфир шайыры (ВЭШ) негізіндегі композиттердің термотұрақтылығы мен отқа төзімділігі туралы деректер жүйеленген.
Simulation of kinetic parameters of vinyl ester resin samples with diatomite and dimethyl methylphosphonate fillers
Авторлар: Nurtai Zh., Orynbassar R., Aimaganbetova Z.K., Zhanturina N.N.
Термогравиметриялық талдау (ТГА) және Netzsch Kinetics Neo бағдарламасы арқылы диатомит пен диметилметилфосфонат (DMMP) қосылған винилэфир шайыры (ВЭШ) негізіндегі композиттердің термиялық ыдырау кинетикасының параметрлері болжанды.
Thermal behavior and Fire resistant properties of Vinyl Ester Resines Modified with Dimethyl Methylphosphonate and Diatomite
Авторлар: Bekeshev A., Uzakbayeva S., Zhanturina N., Aimaganbetova Z., Serikbayeva G.
Жұмыста диметилметилфосфонатпен (DMMP) және диатомитпен модификацияланған винилэфир шайырының термиялық мінез-құлқы мен отқа төзімділік қасиеттері зерттелді.
Boosting the Flame Retardancy of Vinyl Ester Resins via a DE@DMMP Hybrid: Reducing Migration and Improving Fire Performance
Авторлар: Jinxin Xie, Ахметова Маржан, Жантурина Нургүл, Yanbei Hou, Бекешев Амірбек, Weizhao Hu, Xin Wang, Yuan Hu, Fukai Chu.
Жұмыста винилэфир шайырларының (ВЭШ) отқа төзімділігін арттыру үшін DE@DMMP гибриді ұсынылды. Бұл тәсіл антипиреннің полимер матрицасынан миграциясын азайтып, материалдың өрт қасиеттерін жақсартады.
Reactive phosphorus-containing monomers combined with modified diatomite fillers: A double-barreled approach to highly fire-safe vinyl ester resins
Авторлар: Ya-Fei Tian, Изтлеуова Бибинур, Ахметова Маржан, Жантурина Нургүл, Бекешев Амірбек, Xin Wang, Yuan Hu, Lei Song.
Жұмыста фосфорды екі түрлі тотығу дәрежесінде (+3 және +5) қамтитын реакцияға қабілетті антипирен со-мономер (DHP) синтезделіп, модификацияланған диатомитпен біріктіріліп, винилэфир шайыры (ВЭШ) негізіндегі отқа төзімді композиттер алынды. DHP мөлшері 30 % болғанда композит оттегі индексін (LOI) 27,1 %-ға жеткізіп, UL-94 тік жану сынағында V-0 рейтингін алды. DHP-нің 5 %-ын модификацияланған диатомиттің 5 %-ымен алмастырғанда V-0 рейтингі сақталып, LOI 27,3 %-ға дейін өсті, ал жылу бөлудің шыңдық жылдамдығы мен жалпы жылу бөлінуі таза ВЭШ-пен салыстырғанда 35,8 % және 42,0 %-ға төмендеді. Екі валентті фосфорлы со-мономер мен модификацияланған диатомитті үйлестіретін синергетикалық антипирендік стратегия ұсынылды.
Бейорганикалық минералдардың (мысалы, базальт охрасы мен диорит) бетін модификациялау және оларды винилэфир негізіндегі жоғары тиімді композиттер үшін антипирен қоспа ретінде қолдануды зерттеу.
1-міндет. Модификацияланған минералдардың морфологиясы мен құрылымын анықтайды.
2-міндет. Полимер матрицасындағы бөлшектердің таралу біркелкілігін талдайды.
3-міндет. Шайыр жүйелерінің тұтқырлығы мен ағу қасиеттерін зерттейді.
4-міндет. Материалдардың термостабильдігі мен механикалық беріктігін бағалайды.
5-міндет. Құрылым–қасиет байланыстарын зерттейді.
6-міндет. Термиялық ыдырау процестерін газ және конденсацияланған фазаларда талдайды.
7-міндет. Машиналық оқыту арқылы қасиеттерді болжау.
8-міндет. Модель нәтижесін тәжірибемен салыстырып, құрамды нақтылау.